Құлдыққа тап болмау үшін не істеу керек
«Сөз соңында құлдыққа түспеу үшін қандай сақтық шаралары керек екенін айтқым келеді. Жеңіл табыс табуға болатыны туралы күмәнді ұсыныстарға алданбаңыз. Ешкімге жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды бермеңіз. Өзге елге немесе қалаға шығар кезде жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңызға қайда бара жатқаныңызды айтып, ықтимал мекенжайыңызды, байланыс деректерін беріп кетіңіз», - деді ол ведомствоның ақпарат алаңында өтен онлайн брифингіде.
Сондай-ақ, полиция өкілі қоғамды да бұл іске бей-жай қарамауға үндеді.
«Ондай заң бұзу фактілері туралы білсеңіздер немесе куәсі болсаңыздар, әрекетсіз қалмауларыңызды сұраймыз. Кімде-кім мұндай жағдайға тап келген болса, дереу жақын жердегі полиция бөліміне хабарласу керек. «102» нөміріне немесе «1616» сенім телефонына хабарлассын. Әр өңірде полициямен бірге үкіметтік емес ұйымдар да осы бағытта жұмыс істейді. Олар да адам саудасының құрбандарына көмек көрсетуге дайын», - деді Қанат Нұрмағамбетов.