Құлсары қаласынан 3 млн текше метр тасқын су сорылды

Фото: Атырау облысының жедел штабы
Фото: Атырау облысының жедел штабы

АТЫРАУ. KAZINFORM – Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан сорылған тасқын судың көлемі 3 млн текше метрді құрады.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Құлсары қаласының аумағын құрғату жұмысы жалғасып жатыр.

«Қазір тасқын суды сору жұмысына 222 адам, 97 арнайы техника, 2 жүзу құралы, 43 мотопомпа, 4 АЕМ-500 құрылғысы тартылып отыр. Тұрғын үйлер мен нысандардан сорылған судың жалпы көлемі 3 млн текше метрге жетті» -деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Сондай-ақ, Құлсары қаласында электр желілері мен газбен жабдықтау құрылғыларын қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта 4 бригада мен 5 арнайы техника тартылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Тасқын су басқан Құлсарыда 12 мыңға жуық адам өз үйіне оралғанын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар