Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Қазіргі уақытта Құлсары қаласының Болашақ шағынауданында орналасқан 14 үй су астында қалып отыр. Бұл туралы ТЖ жөніндегі жедел штаб мәлімдеді.

С улиц Кульсары откачано свыше 5,6 млн кубометров воды
Фото: Ақмола облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Соңғы ресми деректер бойынша, Жылыой ауданында су тасқыны кезінде 282 шағын және орта бизнес субъектісі зардап шекті. Бизнес нысандарын су тасқынынан қорғау мақсатында ұзындығы 3,4 км қорғаныс бөгеті салынды.

«Қазіргі уақытта Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метр су шығарылды. Қазіргі уақытта біз Вахтовый шағынауданына қарама — қарсы айналма жол ауданында орналасқан кәсіпкерлік қызмет аумағын құрғатып жатырмыз», — деді Жұмабек Қаражанов.

Соңғы жаңалықтар