Құлсары тұрғындарының 876 малы мен 532 құсы тасқын судан өлген

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Құлсары тұрғындарының 876 малы мен 532 құсы тасқын судан өлгені анықталды.

Су тасқынынан кейін қазақстандық 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды
Коллаж: Kazinform, Pixabay

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, осыған байланысты Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне Құлсары тұрғындарынан 101 өтініш түскен.

«Жылыой ауданында су тасқыны кезінде 876 бас ұсақ және ірі қара мал өлгені анықталды. Оның ішінде 93 мүйізді ірі қара, 697 қой-ешкі, 55 жылқы, 31 түйе және 532 құс бар. Осыған байланысты кеше, 20 мамырдан бері 23 тұрғынға өлген малы үшін жалпы сомасы 25,6 млн теңгеге өтемақы төленді. Енді 78 тұрғынға ақшалай өтемақы мамырдың соңына дейін төленеді. Төлемдердің жалпы сомасы 93,5 млн теңгені құрайды», -деді Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Құлсарыдағы тасқын су басқан үйлерді бағалау жұмысы осы аптада аяқталатынын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар