Құлсарыда 2,5 мың ғимарат су астында қалды, мың бала эвакуацияланған

АТЫРАУ. KAZINFFORM — Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Құлсары қаласындағы соңғы ахуалды жариялады. 

су басқан ауыл
Фото: Ауыл тұрғындарынан

5 сәуір түнгі 22.45-тегі жағдай бойынша Құлсарыда 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратты су басқан.

Құтқарушылар және өзге де тартылған күш-құралдар халықты эвакуациялауды жалғастырып жатыр. 

Осы сағатта 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 1 мыңнан астам бала қауіпсіз жерге көшірілген.  

Еске сала кетелік, бұдан бұрын тасқын судың қаупіне байланысты Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Күндіз Құлсарыдан Доссорға дейінгі жолдың бір бөлігін су басты.

Бүгін тасқын су Құлсары қаласына кіре бастады.

Әкімдікті, әлеуметтік нысандар мен орталық стадионды су басты. 

Соңғы жаңалықтар