Құлсарыдағы жарылыс: Жанар-жағармай бекетіндегі өрт сөндірілді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысы Құлсары қаласында жанар-жағармай бекетіндегі өрт сөндірілді.

Құлсарыдағы жарылыс
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан мәлім еткендей, сағат 18:45 шамасында «Ниет» жанар-жағармай стансасында газ-ауа қоспасы жарылған. Кейін өрт тұтанған. 

— Өрт сағат 20:15–те оқшауланған. Жалын сағат 21:47–де толық жойылды. Жанар-жағармай бекетіндегі жарылыстан соң тұтанған өрттен 16 адам зардап шекті. Оның ішінде 2 адам қаза тапты, — деп мәлім етті департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Құлсарыда газ-ауа қоспасы жарылып, 2 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз. 

Кейін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсарыдағы жарылысқа байланысты жедел штаб отырысын өткізді. 

Сондай-ақ, дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Ал, Құлсарыдағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар