Құлсарыдағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM — Атырау облысы Құлсары қаласында жанармай бекетіндегі жарылысқа қатысты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, кешенді тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

полиция ІІМ
Фото: СҚО ПД

— Полиция қызметкерлері дереу жетіп, қауіпті аумақты қоршауға алып, жедел қызметтердің жұмысын үйлестіруге кірісті. Автокөліктердің қозғалысы бақылауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылды. Жағдай жедел бақылауға алынды, — делінген хабарламада.

Желіде Құлсарыдағы жарылыстың бейнежазбасы тарады.

Бұған дейін Құлсарыда газ-ауа қоспасы жарылып, 2 адам қаза тапқанын жаздық.

Кейіннен Серік Шәпкенов Құлсарыдағы жанар-жағар май бекетінде болған өртке қатысты жедел штаб отырысын өткізді.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар