Құлсарыдан лагерьге жіберілген оқушылардың ата-анасына билет құны қайтарылады

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Құлсары қаласынан лагерьге жіберілген оқушылардың ата-анасына билет құны қайтарылады. 

Су тасқыны: Ақтөбедегі қоғамдық қорға 600 млн теңгеге жуық қаржы жиналды
Фото: Kazinform

Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Оқу-ағарту министрлігі құлсарылық оқушылардың «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалуына қолдау көрсеткен.

«Министрліктің қолдауымен 146 оқушы Щучинск, Түркістан, Қонаев және Балқаш қалаларына демалуға жіберілді. Балаларды күтіп алу, тамақтандыру, сауықтыру демалысы және оқыту қызметтері «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының қызметіне кіреді. Балалардың жол ақысына жұмсалған қаржы, жолда жүру билеттерінің ақшасы тапсырылған соң төленетін болады», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ата-аналарға балаларының лагерьге барып-келуі үшін билет сатып алуға жұмсалған қаржысы қайтарылатыны туралы түсінік жүргізілген.

Еске сала кетелік, бұған дейін құлсарылық 146 бала лагерьге демалуға жіберілгенін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар