Құлсарыда жанжалдасқан полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Құлсары қаласында сауналардың бірінде жанжал шығарған өңірдің ішкі істер департаменті Жылыой АІІБ екі бөлім бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Жанжал жұмыс уақытынан тыс тұрмыстық негізде туындаған. ҚР ҚК 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл істі Атырау облысы ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасы тергеуде», - деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлзира Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар
telegram