16:54, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Құлсарыдағы №24 мектептің жабылатындығы туралы ақпарат жалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құлсары қаласында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған №24 мектеп жабылмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.
«Біздің түсінігіміз бойынша, кеше тараған ақпарат нақты емес. Ондай шешім жоқ. Ол жерде қазақ-түрік лицейін ұйымдастыру мәселесі көтеріліп отыр. Дегенмен, ол қандай базада, қалай жасалатындығы жұмыс барысында жайттар. Өкіншке орай, бізде бұл ақпараттың қайдан тарағанын білмейміз. Өйткені Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың тарапынан әзірше, мұндай шешім жоқ», - деді Т.Балықбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Атырау облысының Құлсары қаласында салынған №24 мектеп-гимназияның жабылатындығы жайында ақпарат тараған болатын.