«Күлтегін» бейнеленген банкноттарды қабылдамау жағдайлары жиілеген - ҰБ
ҰБ аталған банкноттардың заңды төлем құралы болып табылатынын еске салады. Олар бойынша айналыс мерзімі белгіленбейді. Бұл банкноттар айналымнан табиғи тозуына қарай алынады.
Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымындағы төрағалығына арналған 1000 теңгелік және Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымдағы төрағалығына арналған 1000 теңгелік ескерткіш банкноттар да заңды төлем құралы болып табылатынын еске салады. Олар бойынша айналыс мерзімі белгіленбейді. Бұл банкноттар айналымнан табиғи тозуына қарай алынады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту ескерту жасауға, ал әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ұлттық банк қаржылық операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатындығын ескертеді.
Фото: monetnik.ru