12:55, 09 Шілде 2017 | GMT +5
Құмар Ақсақалов ЭКСПО көрмесіне СҚО тұрғындарын ертіп келді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Астана күнін мерекелеу құрметіне Астана қаласы әкімдігінің шақыртуымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен 1,5 мыңнан астам солтүстікқазақстандық «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне келді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО әкімі облыс тұрғындарымен бірге «Нұр-Әлем» павильонына барды.
«Керемет әсерлі. Қайта-қайта келе бергің келеді! Көрменің біздің елде өтіп жатқанын мақтан тұтамын!» - деп әсерімен бөлісті Тайынша ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нина Попова.
СҚО әкімі де өз әсерін жеткізді.
«Иә, ЭКСПО көрмесі ерекше әсерге бөлеп жатыр. Көкірегіңді мақтаныш сезімі кернейді. Мемлекет басшысының құрған жоспарларының барлығы жүзеге асты», - деді Құмар Ақсақалов.