Құмар Ақсақалов облыста дәрігер тапшылығы мәселесін қалай шешіп жатқанын айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысында 3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылды. Бұл туралы өңір әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті.

Құмар Ақсақалов облыста дәрігер тапшылығы мәселесін қалай шешіп жатқанын айтты
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

— 3 жыл ішінде облыста 6 мың орынға арналған 9 мектеп салынды, оның жетеуі биыл тапсырылды. 1,9 мың орынға арналған тағы 2 мектептің құрылысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар, 3 жыл ішінде 2,2 мың орынға арналған 14 балабақша салынды. Нәтижесінде, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 96,4 пайызғае дейін жетті. Ал 3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылды, — деді Қ. Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, үш жылда облыста 35 денсаулық сақтау объектісі салынды.

— Өңірге медицина қызметкерлерін тарту жұмысы жалғасып жатыр. Облыстың оңтүстік өңірлерінің дәрігерлері үшін көтерме жәрдемақыны ұлғайттық: аса тапшы мамандарға — 8,5 млн теңгеге дейін, қалада — 5 млн теңгеге дейін, ауылда — 7 млн теңгеге дейін. 2023 жылдан бастап облыс бойынша дәрігерлердің тапшылығы 2 есеге төмендеді (312-ден 152-ге дейін). Өткізіліп жатқан іс-шаралар денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің серпініне оң әсер етеді, — деді өңір әкімі.

Бұған дейін хабарланғандай, Қостанай облысы экономикасының барлық саласында оң серпін бар. 

 

Соңғы жаңалықтар