Құмкөл даласында газ өңдеу зауыты іске қосылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Зауыт жылына 68 мың тонна сұйытылған газ, конденсат, 105 млн. текше метр құрғақ газ өндіретін болады. Оған 100-ге жуық адам жұмысқа тартылып отыр. Құрылыстың құны шамамен 92 млн. АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорын толықтай іске қосылғанда экология ахуалдың жақсаруына оң әсер етеді және өңір халқын арзандатылған сұйытылған газбен қамтамасыз етуге қол жеткізіледі.
Оның ашылуына қатысқан Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов газ өңдеу цехының жұмысы барысына қанықты. Құмкөл орталық газ қондырғысы 2004 жылы наурыз айында "Газ өңдеу- 55 МВт электр энергиясын өндіру" жобасы аясында пайдалануға берілді. Бүгінде ілеспе газды өндіру көлемі 177 млн. текше метрді құрап отыр. Электр энергиясын өндіру мүмкіндігі - 55 МВт. Бір жылда өндіру көрсеткіші 350 млн. КВт-ны құрайды екен. Онда 35 өндіруші қызметкер жұмыс істейді. Алдағы уақытта газ өңдеу цехының қуатын арттыру көзделіп отыр.