11:07, 10 Шілде 2010 | GMT +5
«Құмкөл-Қарақайың» учаскесінен мұнай ұрлау әрекетіне тойтарыс берілді
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында мұнай құбырының «Құмкөл-Қарақайың» учаскесінен мұнай ұрлау әрекетіне тойтарыс берілді, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметтерінше, Ұлытау ауданындағы «Құмкөл-Қарақайың» мұнай құбырында Жетіқоңыр аулынан Қызылорда бағытындағы 150 шақырым жерде мұнай құбырларын күзететін жылжымалы «Semser-Securitу» ЖШС тобы Toyota-Runner автокөлігі мен жалпы көлемі 89 тонна болатын цистерналы үш КамАЗ автокөлігін ұстады.
«Барлық машиналар мұнаймен толтырылған», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Ұрлық фактісін Ұлытау аудандық ІІБ тіркеуге алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша ұсталған азаматтар Қызылорда облысының тұрғындары. Қазір олардың кім екендігі және келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Тергеу алды тексеру жүргізіліп жатыр.