Күн 20 градусқа дейін жылынады

АСТАНА. KAZINFORM — Алдағы күндері Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күндіз ауа температурасы одан әрі көтеріледі. 

Күн +20 градусқа дейін жылынады
Фото: Қазгидромет

Алайда елдің солтүстігінде және оңтүстіктің таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жел күшейеді. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.

Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10…+15°С-қа дейін, оңтүстікте +15…+20°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде +3…+8°С шамасында болады. 

Айта кетелік бүгін Алматы, Астана мен тағы 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

Соңғы жаңалықтар