08:20, 07 Наурыз 2025 | GMT +5
Астанада қала сыртына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін таңда «City Transportation Systems» ЖШС маңызды ақпарат таратты.

— Бүгін сағат 08:00 бастап № 59, 315, 316, 317, 327 бағдарларының қозғалысы ауа-райының нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты уақытша тоқтатылды. Басқа бағдарлар линияда, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» бұрқасын, көктайғақ, тұман болуына байланысты 17 облыс пен үш мегаполисте дауылды ескерту жариялағанын жазған болатынбыз.