«ҚазАвтоЖол» бірнеше өңірдің жүргізушілеріне ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 7 наурыз ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

трасса, закрыта дорога, метель, автомобиль, буран, автожол, жол жабық, боран, көлік
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Сағат 16:00

Жамбыл облысы: 

— «Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» 534-593 шақырым аралығы (Айша-Бибі а. — Түркістан облысының шекарасы).

Түркістан облысы: 

— «Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» 593-620 шақырым аралығы (Түркістан облысының шекарасы — Т. Рысқұлов п.). Жолды 2025 жылғы 7 наурыз сағат 22:00–де ашу жоспарланған.

Сағат 17:00

Жамбыл облысы:

— «Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаске (Отар а. — Қайнар а.). Жолды айналып өту ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 09:00–де ашу жоспарланған.

Сағат 18:00

Абай облысы:

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы — Аягөз қ.);

— «Таскескен — Бақты — ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. — Үржар а.).

Жетісу облысы:

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Үшарал қ. — Абай облысының шекарасы). Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

Бұған дейін бүгін таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста жол жабылғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар