Күнбағыс майын шығаратын зауыт салуға мемлекеттен қолдау тоқтатылады

АСТАНА. KAZINFORM –  Елдегі күнбағыс майын шығаратын зауыттар 41 % ғана жүктемемен жұмыс істеп тұрн. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Kazinform сауалына жолдаған жауабында айтылған.

Күнбағыс майын шығаратын зауыт салуға мемлекеттен қолдау тоқтатылады
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

«Тұтастай алғанда, елімізде шикізат бойынша қайта өңдеу қуаты жеткілікті. 2023 жылы күнбағыс қайта өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған қуаттардың жүктемесі 41 %-ын құрады. Осылайша, таяу болашақта жаңа кәсіпорын құруға қолдау шараларын алып тастау жоспарланып отыр», - делінген министрлік жауабында.

Министрліктегілер Қазақстан топырағында өнген өнімнің көбі шикізат күйінде сыртқа кетіп жатқанын мойындап отыр.

«2023 жылдың ақпан айынан бастап күнбағыс экспорты үшін 20 %-ы, бірақ тоннасына кемінде 100 еуро мөлшерінде экспорттық кедендік баж қолданылады. Күнбағысқа экспорттық баж экспортқа шикізаттың көп мөлшерін әкету қаупін болдырмау және отандық өңдеу саласын дамыту мақсатында белгіленген», - деп жазылған жауапта.

Соңғы жаңалықтар