Күнде қуатты жарқыл пайда болды

АСТАНА. KAZINFORM — Ғалымдар Күннің батыс шетінде қуатты M2.0 жарқылын тіркеді, деп хабарлайды РҒА ҒЗИ Күн астрономиясының зертханасы.

Күнде қуатты жарқыл пайда болды
Фото: РҒА ҒЗИ Күн астрономиясы зертханасы

Бұл көрініс үлкен жұлдыздың Жерге қарамайтын жағында болған. Мамандар оның геомагниттік салдары жоқ екенін айтады. Бұл позиция керемет плазмалық жарылысты байқауға мүмкіндік берді.

— Бұл жағдай бұрын жарияланған осы аптаның соңына дейін геомагниттік бұзылулардың болмауы туралы болжамға әсер етпейді. Барлық болжамдар өз күшінде қалады. Бұл 30 қыркүйекте тіркелген M2.7 жарқылынан кейінгі ең күшті алау, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, астрономдар аспанда 6 планетаны бірден қалай көруге болатынын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар