23:35, 04 Ақпан 2025 | GMT +5
Құндыздар чех билігіне 1,2 миллион доллар үнемдеуге көмектесті
АСТАНА. KAZINFORM - Брды ландшафтты саябағындағы құндыздар екі күнде бөгет салып, Чехия мемлекетіне шамамен 30 миллион крон (1,2 миллион доллар) үнемдеді, деп хабарлайды ТАСС.

ČT24 порталының хабарлауынша, құндыздар қорғалатын Брды ландшафт саябағында бірнеше бөгет тұрғызып, аумақты табиғи, батпақты қалпына қайтарған.
– Саябақ әкімшілігі аумаққа табиғи сипат беруді жоспарлаған, бірақ мұны жануарлар жүзеге асырды. Осының арқасында 30 миллион кронға дейін үнемделді, - деді ландшафттық саябақ басқармасының басшысы Богумил Фишер.
Зоолог Иржи Влчектің айтуынша, құндыздар бір немесе екі түнде бөгет салуға қабілетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Конгода маймыл шешегімен ауырған 128 адам емдеу орталықтарынан қашып кеткенін жазған едік.