17:50, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Күндізгі сессияның қорытындысы: Доллар - 148, 5 теңге
АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті.

Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап. Еуро мен ресей рублі бойынша мәмілелер жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,50 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 8 945 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 148,49/148,50 теңге. REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Астана уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 148,51/148,83 теңгені құрады.