Құнды қағаздар нарығына қатысушылар саны жыл сайын 2 есеге жуық өсуде - Жеке инвесторлар клубының менеджері

АЛМАТЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның құнды қағаздар нарығына қатысушылар 1 жылда 5 мыңға толықты.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда «Құнды қағаздар нарығының негіздері» деген тақырыппен өтіп жатқан аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған білім беру семинарында айтылды.

«Алдыңғы жылы қор нарығында 5 мың жеке инвестор жұмыс істеген болатын. Былтыр бұл сан 9 мың 600-ге жетті. Енді қор нарығына қатысушылар санын таяудағы жылдары 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр», дейді Жеке инвесторлар клубының менеджері Дінмұхамед Мүсірәлиев. Оның айтуынша, бағалы қағаздар нарығының дамуына ондағы қатысушылардың рөлі өте зор. Ел экономикасының дамуы қор нарығының индекстерімен анықталады. Қазір Қазақстан қор биржасында 137 эмитент бар. Олардың жетеуінде тәуекел өте төменгі деңгейде.

«Отандық қор нарығында бағалы қағаздарға деген сұраныс әлі төмен. Бұған ел тұрғындарының қаржылық сауатының аздығы өз ықпалын тигізіп отыр. Сондықтан да экономиканың дамуына жұмыс істемей тұрған қаражат көлемі өте үлкен. Қаржылық банк жүйесінде және қарапайым халықтың қолында жинақталған бұл қаражаттың көлемі жүздеген миллиардтарды құрайды. Қаржылық сауат артқан кезде экономика айнасы саналатын қор нарығының да даму қарқыны жоғары болады», дейді Д. Мүсірәлиев.

Соңғы жаңалықтар