Күндіз Ақтөбе мен Алматыда, түнде Қостанай пен Петропавлда ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның төрт қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

ауа сапыс
Фото: Kazinform

2025 жылғы 11 маусымда Ақтөбе, Алматы қаласында, түнде Қостанай, Петролавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Атырауда жыл басынан бері экологияны ластағандарға 916 млн теңге айыппұл салынғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар