Құны 7,5 млрд теңге болатын есірткі дозасы айналымнан алынды - ІІМ

АСТАНА. KAZINFORM – «Қарасора» операциясы кезінде синтетикалық есірткі өндіретін 15 есірткі зертханасы анықталды. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлім етті.

Қарасора
Фото: Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі

Оның атап өтуінше, «Қарасора-2024» операциясы барысында Ұлттық ұланның (МИ-171) екі тікұшағының көмегімен Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтарында, яғни жалпы ауданы 600 мың шаршы шақырымға жуық жерде әуе барлауы жүргізілді. Барлығы 42 ұшу жүзеге асырылды.

«Жалпы салмағы 3 тонна болатын 15 мыңнан астам «үнді» және «голланд» қарасораның бұталары жойылды. Яғни, айналымға есірткінің 166 мыңнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді. Оның қара нарықтағы орташа құны 7,5 млрд теңге болушы еді. 12 күдікті, оның ішінде іздеуде жүрген бір қылмыскер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі атыс қаруы тәркіленді. Жамбыл облысының Шу ауданында 380 гектардан астам алқапта 100 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды «Қарасора» операциясы кезінде синтетикалық есірткі өндіретін 15 есірткі зертханасы анықталды. Олардан 55 келі синтетика және 3 тонна түрлі прекурсор тәркіленді», - деді Шыңғыс Әлекешев.

Соңғы жаңалықтар