07:41, 26 Маусым 2012 | GMT +5
Күнсайынғы оқиғаларды баяндай отырып, сіздер қаланың тарихын жазасыздар - Екібастұз әкімі
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк жергілікті газеттер мен телеарнаның журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

«Сіздер күн сайын оқырмандар мен көрермендерді аймағымыздың өміріндегі соңғы оқиғалар, оның кешегісі және бүгіні, осында тұрып, жұмыс істеп жатқан тамаша адамдар туралы ақпараттандырып, күрделі мәселелерді шешуге көмектесесіздер. Оқиғаларды баяндай отырып, бірмезгілде Екібастұз тарихын жазудасыздар», - деп атап өтті А.Вербняк.
Қала әкімі оқиғаларды жедел әрі шынайы жариялайтын БАҚ қызметкерлеріне грамоталар мен алғыс хаттарын тапсырды. Жергілікті басылымдар редакциялары ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Кәсіби мерекенің атап өтілуі барысында «Батыр Көмір» ЖШС және «Екібастұз МАЭС-2 стансысы» АҚ-ның баспасөз қызметтерінің газеттермен табысты ынтымақтастығы атап өтілді.