Құрбан айт күні астаналықтар автобуста тегін жүреді
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Құрбан айт мерекесі 16 маусым, жексенбіге түседі.
«Құрбан айт» мерекесі күні 16 маусымда елорданың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін. Қоғамдық көлік жұмысы таңғы сағат 06:00 басталады», — деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Сондай-ақ, түнде қатынайтын № 201, 202, 203 қоғамдық көліктер маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жолаушыларды тегін тасымалдайды.
Түнгі бағдарлардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.
Еске сала кетсек, 8 маусымнан Астанада түнгі автобустар жүре бастады.