05:30, 23 Тамыз 2025 | GMT +5
Құрбандар бар: Иранда полиция көлігіне шабуыл жасалды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Ираншехр қаласында (Систан және Белуджистан провинциясы) полиция көлігіне оқ атылды, деп хабарлайды Oxu.az.

Қарулы адамдар тәртіп сақшылары мінген Hilux және Samand көліктеріне шабуыл жасаған.
Оқиға орнында 5 полицей қаза тапты. Жергілікті ақпарат көздері қылмыскерлердің полицияға тиесілі қаруды да алып кеткенін атап өтті.
Әзірге қылмыстық оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында сейсенбі күні, 19 тамызда автобус, мотоцикл және жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан кем дегенде 71 адам қазап тапқан. Оның 17-сі – бала. Автобус Кабулға бағыт алған және Ираннан депортацияланған ауғандық босқындарды тасымалдаған.