Құрбысына лотерея ойнауды үйреткен әйел миллион доллар ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  АҚШ-тағы  Фредериксберг  қаласының тұрғыны (Вирджиния штаты) танысы оған лотереяны қалай ойнауды көрсеткеннен кейін аяқ астынан мол табысқа кенелді. 

Құрбысына лотерея ойнауды үйреткен әйел миллион доллар ұтып алды

Бұл туралы WTVR хабарлайды.

Жұмыстан соң Мерри Томас пен оның құрбысы супермаркетке кірген. Әйел дүкенге орнатылған Вирджиния  штатының лотерея автоматын қалай пайдалануды түсіндірмек болады.

Ол билет сатып алып, оны машинаның күшімен көшіріп алған сәтте миллион доллар ұтқанын көреді.

Лотерея ойынының ережесі бойынша ұтысты отыз жылдың ішінде бөліп алуға болады немесе біршама бөлігін қайырымдық шараларға беріп, қалғанын түгелдей алуға болады.

  Томас  екінші нұсқасын таңдап, бірден 630 915 доллар қолма-қол ақша алды.