Курчатов қаласында 2010 жылдың басында оралмандарға арналған алғашқы үй пайдалануға беріледі

СЕМЕЙ.  Желтоқсанның  30-ы.  ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Курчатов  қаласында 2010 жылдың басында  оралмандарға арналған  алғашқы үй пайдалануға беріледі,
None
None

деп хабарлайды  «Ертіс»  әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясы»   Ұлттық компаниясы»  акционерлік  қоғамының баспасөз қызметінен.

 Төрт үйді   қайта  жаңарту  жөніндегі  жобаны «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  «Нұрлы көш»   мемлекеттік бағдарламасының аясында  жүзеге асыруда.

 Курчатов  қаласына оралмандарды  қоныстандыру бағдарламасын   орындаушы бас мердігер -  «Облдоркомхоз»   ЖШС.    Жөнделіп жатқан нысандарда 290 адам жұмыспен қамтылып  отыр.

 Жобаның жалпы құны 768,3 миллион теңгені  құрайды.    Ол үйлердегі    баспананың  1 шаршы метрінің бағасы  - 40 мың теңге шамасында. Шығыс Қазақстан   облысы әкімдігінің    тұрғын үй комиссиясының тізімі  бойынша,   бүгінгі таңда  «Нұрлы көш» бағдарламасына  қатысушылардың саны 54 отбасын құрайды.

Соңғы жаңалықтар