Курчатов қаласында ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Болашақты бірге жасайық!» Жолдауы талқыланды

ЕМЕН. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше Курчатов қалалық активінің жиынында ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Болашақты бірге жасайық!» Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Қала әкімі Александр Генрих өз сөзінде Президент Жолдауының негізгі тезистерін тізбектеп өтіп, Қазақстанды 2020 жылға дейін дамытудағы Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру шеңберінде жақын арада мемлекеттік саясаттын бастапқылық бағытына ерекше көңіл бөлуге назар аударды. 31 қаңтарда Бердібек Сапарбаевтың басшылық етуімен өткізілген Шығыс Қазақстан облысының активі «Болашақты бірге жасайық!» Жолдауының негізгі ережесін түсіндіруге бағытталған кең ақпараттық-насихаттау кампаниясының бастауларында себепші болды.

Өзінің үндеуінде әкім курчатовтықтарды Елбасымен және әрбіреуімізге өз жұмыс орындарымызда берілген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытуға шақырды.

Курчатов қалалық маслихат хатшысы Шахмұрат Төлеутаев депутаттық корпуспен бірге Елбасының Жолдауын қолдап, біздің республикамыздың дамуы үшін қолынан келетіннің барлығын орындайтынын айтты.

Мектеп-гимназияның тарих мұғалімі Сандуғаш Әлібаеваның айтуынша, еліміздің Президентінің Жолдауы нақтылығымен, талдау тереңдігімен және дамудағы жаңа бағдарламалар құрумен ерекшеленеді. Стратегиялық мақсаттар қазіргі уақытта маңызды және өзекті болуда. Нұрсұлтан Әбішұлы «Өңірдің дамуы - еліміздің дамуы» деді. Бұл дегеніміз - еліміздің бәсекелестігінің өңірлік бәсекелестікке тәуелділігі. Сандуғаш Ақтаевна Жолдауға деген ойын Президент сөзімен аяқтады. Ол: «Әрбір қазақстандықтардың борышын еліміздің басты құндылықтары - Тәуелсіздік, Татулық және Тұрақтылық сақтайды», деген еді.

Денсаулық сақтау бөлімінен Индира Мұқанова шықты. Индира Жанатбекқызының әсерлі және ойластырылған сөз сөйлеуі Жолдаудың жанды бөлігін қозғады, онда Президент денсаулық сақтау Ұлттық жүйесін қолдануды жалғастыру туралы нақты мақсат қойды. Ол 2013 жылы аяқталады. Индира Жанатбекқызы жас маман ретінде барлық курчатовтықтарды салауатты өмір сүруге шақырды.

Қала жастары активтің аяқталу кезінде қатысушылардың қол соғуларымен «Мықты озат- табысты ел!» лозунгін мемлекеттік және орыс тілдерінде өлеңнің әрбір ырғағын жеке- жеке бөліп оқыды.

Соңғы жаңалықтар