18:49, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Курчатовтың және Павлодардың жасөспірімдері әскери-патриоттық ойындар өткізді
СЕМЕЙ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Жартас» Курчатов балалар жасөспірімдер клубының «Патриот» және Павлодар қаласынан келген «Құйын» командалары әскери-патриоттық турнир өткізді. Сайысқа қатысушылар ыстық климаттық жағдайда жансақтау дағдыларын шыңдады және тактикалық тапсырмаларды орындады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Турнир әскери бөлімшелердің бірінің бұрынғы атыс алаңының аумағында екі күн өткізілді. Бәсекелестікке қарамастан сайыста достық жеңіске жетті. Кездесудің соңында балалар әскери-патриоттық ойындардың «сайыс алаңдарында» жиірек кездесіп тұруға уәделесті.