Құрдасын пышақтап өлтірген 17 жастағы бозбала 12 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 17 жастағы З.-ға қатысты сот үкімін шығарды.
None
None

Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 24 маусымында Рудный қаласына тұрғын үй ауласында 1998 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған В. өзі қатарлас З-ны кездестіріп қорқытып ақша талап еткен.

Туындаған келіспеушілікті, бопсалаушылықты құқық қорғау органдарының көмегінсіз өзі шешпек болған З.өз ренжітушісін өлтірмекке бел буған.

Ішімдік ішіп батылданған бозбала үйінен асханалық пышақ алып, В-ны іздеуге шығады. Көп ұзамай ақша бопсалаушыны тапқан З. Оны оңаша шақырып алып кездесінің оң жақ тұсынан пышақ сұғып алады. Жарақаттанған жәбірленуші қашуға тырысқанымен көп ұзамай құлап қалады. Жарақат салдарынан оның әлсіреп жатқанынан көрген З. оқиға орнынан ізін суытқан. Жәбірлденуші Рудный қалалық ауруханаға жеткізу кезінде қаза табады.

ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлімі 14-тармағы бойынша айыпты деп танылған З. сот үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар