Күрделі сыртқы конъюнктураға қарамастан, ел экономикасы даму үстінде — Бектенов

АСТАНА. KAZINFORM — Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Фото: Үкімет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында экономиканың өсуін қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды.

Отырысқа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттіктерінің басшылығы және тағы басқалар қатысты. 

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Фото: Үкімет

2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсуі 6,4%-ды құрады. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру мақсатында Президент тапсырмасы бойынша әзірленген Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған халықтың әл-ауқатын тұрақтандыру және арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Жүргізіліп жатқан бюджеттік-салықтық реформалар фискалдық саясатты жаңғыртуға және бизнес үшін әкімшілік кедергілерді кешенді түрде төмендетуге бағытталған.

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Фото: Үкімет

Сондай-ақ жиында 2026 жылдың негізгі сыртқы және ішкі сын-қатерлері қаралды, жаһандық экономикадағы өсімнің баяулауы туралы болжамдар бар трендтер ұсынылды. Кеңес мүшелері экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, өнімді жұмыс орындарын құру және медиандық жалақы мөлшерін арттыру бойынша алдағы шараларды талқылады. Нарықты отандық тауарлармен толықтыруға бағытталған импортты алмастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы халықтың табысын қолдауға ықпал етпек.

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Фото: Үкімет

Қазақстандық өнімдердің сапасын жақсарту және заманауи технологияларды енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы әлемдік нарықтарға дайын өнім экспортын ұлғайта отырып, шикізат экспортынан жоспарлы түрде бас тартып жатыр, бұл өз кезегінде әртараптандырылған құрылымның қалыптасқанын айғақтайды.

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Фото: Үкімет

Сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы жеке инвестициялардың үлесін арттыруға назар аударылды. Экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы екінші деңгейлі банктердің рөлін арттыру және шетелдік инвестицияларды мультипликативтік әсері бар ірі жобаларға бағдарлау қажеттігі атап өтілді. Премьер-министр инфляция деңгейін төмендету міндетіне басымдық берілетінін атап өтті. Бұл жерде мәселе азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың, қызметтер бағасының тұрақты төмендеуі туралы болып отыр.

Жаслан
Фото: Үкімет

— Күрделі сыртқы конъюнктураға қарамастан, еліміздің экономикасы даму үстінде. Құрылымдары бойынша қарасақ, өңдеу, құрылыс, сауда және көлік саласы өсіп жатыр. Яғни, өсім тең жағдайда жүріп жатыр. Біз инфляция бойынша төмендеу үрдісін көріп отырмыз. Бағытымыз — инфляцияны төмендету бойынша алдымызға қойылған міндеттерді сапалы орындау, — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Фото: Үкімет

Отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіктерімен бірлесіп, экономикалық ахуалға мониторинг жүргізу және ықтимал тәуекелдердің алдын алу жөнінде келісілген іс-қимылдарды жедел жүзеге асыру тапсырылды.

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Фото: Үкімет

Бұдан бұрын Премьер-министр мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырған еді.

Соңғы жаңалықтар