Күрделі жөндеуден кейін Круглоозерный орта мектебі қайта ашылды - БҚО

ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - 12 қараша күні Оралға қарасты Круглоозерный кентіндегі орта мектеп оқушылары екінші тоқсанды күрделі жөндеуден өткізілген өз ғимаратында бастады.
None
None
Аталмыш мектеп 1971 жылы салынған болатын. Содан бері жөндеу жүргізілмеген. Қомақты қаражатты қала бюджетінен қарастыру мүмкін болмады. Жергілікті биліктің белсенді іс-қимылы нәтижесінде аталмыш нысанды жөндеуге биыл «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстарына Круглоозерный мен Серебряков кенттерінен жиырмадан астам адам жұмысқа тартылды. Жөндеу жүріп жатқан кезде аталмыш мектептің 559 шәкірті жаңа оқу жылын Серебряковтағы осындай білім ордасында қарсы алды. Олардың қатынап оқуы үшін үш автобус бөлінді. Міне, енді ол күндер де артта қалды. Круглоозерный кентінің әкімі Мирболат Нұржановтың айтуынша, мердігер ұйым «ОралWestКомплект» ЖШС келісімшартқа сәйкес терезе, электр желілерін ауыстырып, өрт белгісін беретін қондырғыны орнатты. Сондай-ақ қырық жыл бойы жөндеу көрмеген акт залы, кітапхана, еңбек кабинеті мен асхана еден-төбелеріне, ғимараттың жылу жүйесіне дейін түгелдей жаңартылды. Жалпы орындалған жұмыс көлемі 88 млн. астам теңгені құрады.
Соңғы жаңалықтар