Күрес түрлерінен қазақстандық балуандар Хорватиядағы турнирге қатысады

Хорватия астанасы Загреб қаласында 10-14 қаңтар күндері өтетін күрес түрлерінен халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Хорватия
Фото: Қазақстан күрес түрлері федерациясы

Аталмыш турнир грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен өтеді. 

Спорттық бәсеке қазақстандық балуандар үшін күрес түрлерінен 2024 жылдағы алғашқы турнир болмақ. 

Турнир барысында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі) ел намысын қорғайды. 

Азамат 1994 жылы дүниеге келген. 2022, 2023 жылдарда әлем чемпионатында қола алған. Ал Азия чемпионатында 2022, 2023 жылдардары жеңіс тұғырына көтерілсе, 2017 жылы күміс, 2018 жылы қола жүлдегер атанды. 

Ал әйелдер күресінен Ирина Казюлина (65 келі), Елена Шалыгина (68 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) боз кілемге шығады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды.