Күрестен әлем чемпионатында Қазақстан тағы екі медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM — Иордания астанасы Амман қаласында 17 жасқа дейінгілер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қос қола медальға қол жеткізді.

күрес
Фото: Olympic.kz

Бұл жолы әйелдер күресінен Анна Стратан мен Ұлдана Тілеухан көзге түсті.

Анна Стратан 57 келіге дейінгі салмақта грекиялық Мэри Маниді 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Ұлдана Тілеухан (65 кг) қола жүлде үшін бәсекеде бейтарап спортшы, өткен жылғы Еуропа чемпионы Анастасия Команованы 17:2 есебімен ұтты. 

Бұған дейін грек-рим күресінен Алпамыс Болатұлы (51 кг) мен Еркебұлан Анапия (80 кг) күміс жүлдегер атанған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында грек-рим күресінен екі қазақстандық балуанның күміс алғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар