14:56, 28 Наурыз 2022 | GMT +5
Күрестен Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын қыздар белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы сапынан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, құрлықтық біріншілік 19-25 сәуір күндері Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтеді.
Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын балуандар тізімі:
50 келі: Айгүл Нұрәлім;
53 келі: Жұлдыз Ешімова;
55 келі: Алтын Шағаева;
57 келі: Нилуфар Райымова;
59 келі: Диана Қайымова;
62 келі: Аяулым Қасымова;
65 келі: Дариға Әбен;
68 келі: Мадина Бақбергенова;
72 келі: Жәмиля Бақбергенова;
76 келі: Гүлмарал Еркебаева.