Күрестен ел біріншілігінде әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан қарсыласынан жеңіліп қалды

ризабек айтмұхан
Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Ең соңғы бәсекеде еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасына қатысқан Азия біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері Әлішер Ерғали мен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан белдесті.

Өткен жылы айды аспанға шығарып, 92 келіде қазақстандықтар арасынан алғаш рет 19 жасында әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан кейін олимпиадалық салмаққа ауысқан еді.

Бұл жолы финалда Ризабек Әлішерді белдесу барысында барынша тықсырып, алда тұрды.

Алайда айқас соңына таман Әлішер күш алып, 14:10 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша Әлішер Ерғали Париж олимпиадасының жолдамасы үшін таласуға мүмкіндік алды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын еркін күрестен алғашқы жеңімпаздар анықталғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар