Құрық портында «Әзербайжан-Қазақстан теңіз кабельдік жүйесі» жобасының жаңа кезеңі басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Құрық портында «Әзербайжан-Қазақстан Теңіз Кабельдік Жүйесі» (Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System) стратегиялық жобасы шеңберінде суасты талшықты-оптикалық кабель партиясын қабылдау бойынша операция сәтті жүргізілді. 

Құрық портында «Әзірбайжан-Қазақстан теңіз кабельдік жүйесі» жобасының жаңа кезеңі басталды
Фото: ҚТЖ

Ірі және ауыр салмақты жүк үш мамандандырылған көліктен тұратын автоколоннамен жеткізілді. Портта транскаспий цифрлық инфрақұрылымын салу үшін алдағы уақытта Әзербайжан Республикасына жөнелтілетін жабдықтарды қабылдау және өңдеу бойынша жұмыстар орындалды.

Жобаны іске асыру халықаралық телекоммуникациялық дәліздерді дамытуға, Азия мен Еуропа арасындағы цифрлық байланысты нығайтуға, сондай-ақ еуразиялық кеңістікте деректерді беру арналарының сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.

Құрық порты Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға және Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ете отырып, ірі халықаралық инфрақұрылымдық жобаларды көліктік-логистикалық қолдауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруды жалғастырып отыр. 

Айта кетелік Үкімет басшысы Ақтау мен Құрық порттарының инфрақұрылымын жаңғыртуды жеделдету қажет екенін айтқан