Куриль аралдарында бес жер сілкінісі болды

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде сейсмологтар Куриль аралдарында бес жер сілкініс ошағын анықтады, ең қатты жер сілкінісі 5,4 магнитудалы болды, деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі жергілікті ТЖМ ақпаратына сілтеме жасай отырып.
None
None

«Облыс аумағында жер сілкінісі сезілмеген, қаза тапқандар мен қираған үйлер жайлы ақпарат келіп түскен жоқ, сондай-ақ цунами қауіпі де жоқ», - делінген агенттік ақпаратында.

Куриль аралдары 2006 жылғы қарашаның 15-інен бастап жер сілкінісін бастан кешірмеген еді. Сол жылы Симушир аралдарында 7,9 баллды қатты жер сілкініс оқиғасы орын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар