Құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9% артты

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9% артып, 6 441,3 млрд теңге болды. Өсім елдің 17 өңірінде тіркелді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9% артты
Фото: СҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы

— Елеулі өсім Астана қаласында (41,8%) және Алматы қаласында (37,7%), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (27,3%), Ақмола (26,4%), Түркістан (25,5%), Қостанай (23,5%), Павлодар (23%) және Алматы (21,1%) облыстарында байқалды, — делінген хабарламада.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 3,4% артып, 12 851,4 мың шаршы метр болды. Оның ішінде 8 072,2 мың шаршы метрі — көппәтерлі үйлер, ал 4 666 мың шаршы метрі — жеке тұрғын үйлер.

Тұрғын үйдің басым бөлігі 11 812,1 мың шаршы метр немесе 91,9% жекеменшік құрылыс мекемелері арқылы пайдалануға берілді, оның ішінде халық есебінен 4 875,5 мың шаршы метр.

Айта кетелік құрылыс компаниялары үш жылға дейін пәтер бағасын өсірмейтіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар