Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайты іске қосылды.
Ресми сайтқа quryltai.kz мекенжайы арқылы кіруге болады.
Сайтта:
- Құрылтай мен оның депутаттарының қызметі туралы өзекті ақпарат;
- заң жобаларының мәтіндері;
- анонстар мен талдамалық материалдар жарияланады.
Сондай-ақ сайтта отырыстардың онлайн-трансляциялары, фото және бейнематериалдар қолжетімді болады.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп оқи аласыздар.