Құрлық әскерлері тұңғыш рет инженерлік-саперлік полктарға арналған қызметтік иттерді дайындады - ҚР ҚМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері инженерлік-саперлік полктарда қызмет етуі үшін бес мина іздеуші ит дайындады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Бұл өткен жылдың шілде айында ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев енгізген курстық даярлық шеңберінде үйретілген алғашқы қызметтік иттер. Әскери қызметшілер иттерді арнайы дайындалған оқу-жаттығу полигондарында, оның ішінде 68665, 58012, 75263 және 54770 әскери бөлімдерінің базасында бір жыл үйретті. Итпен жұмыс істеу өте қызық дейді нұсқаушылар. Онымен сөйлесу қажет. Ол нұсқаушының дауыс ырғағын, оның эмоциясын сезінеді және олар арқылы қашан дұрыс немесе бұрыс әрекет етіп жатқанын түсінеді. Неміс овчаркалары адал әрі тіл алғыш болып келеді, оларды үйрету қиындық туғызбайды. Енді 68665 әскери бөлімінің базасында көрсетілім ұйымдастыру жоспарлануда. Осылайша алғашқы қызметтік иттердің дайындық сапасы мен олардың армиядағы шынайы қызметке әзірлік деңгейін тексеруге болады. Сабақтар үш кезеңде өткізіледі. Біріншісі - жаттықтырудың жалпы айла-тәсілдері. Екіншісі - қызметтік иттердің көлікте және блокбекетте жарылғыш заттардың зарядтарын іздеу жөніндегі іс-қимылдары. Үшінші кезең төрт аяқты «жауынгерлер» мина алаңында жұмыс істеуге қаншалықты дайын екенін тексереді. Бұл кезең оқ атулар және жарылыстармен, жауынгерлік іс-қимылдарға жақындатылған жағдайда өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар