Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Амур» командасымен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Амур» командасымен кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 13:00-дt басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 41 мәрте шеберлік байқасты. Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Амур» соңғы алты кездесудің екеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасынан басым түсті.

Ал «Амур» Финляндияның «Йокерит» (Хельсинки) командасынан буллитен 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Қазір «Барыс» 24 ойыннан кейін 21 ұпаймен турнир кестесінде 19-орында келеді. Ал «Амур» 21 ұпаймен 20-орында тұр.