Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Амурмен» кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін, 8 қыркүйекте құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Амурмен» кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 19.30-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 40 мәрте шеберлік байқасты. Оның 2-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Айта кетерлігі, елордалық клуб аталған командамен өткізген соңғы төрт кездесудің үшеуінде қарсыласынан басым түсті.

Еске салсақ, алғашқы ойынында 3 қыркүйекте «Барыс» елордада Ресейдің «Салават Юлаев» клубына 1:5 есебімен есе жіберді. Одан кейін елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) клубына 1:2 есебімен жеңілді.

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты кезеңі 1 қыркүйекте басталды. Ол 2022 жылдың 1 наурызында мәресіне жетеді.

Одан кейін турнирдің плей-офф сатысы басталады.