Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Йокерит» командасымен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Финляндияның «Йокерит» (Хельсинки) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Йокерит» командасымен кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 14 мәрте шеберлік байқасты. Оның 7-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Йокерит» соңғы алты кездесудің үшеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Амур» (Хабароск) командасынан басым түсті.

Ал «Йокерит» Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазір «Барыс» 25 ойыннан кейін 23 ұпаймен турнир кестесінде 17-орында келеді. Ал «Йокерит» 36 ұпаймен 5-орында тұр.