Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Динамодан» жеңіліп қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесуде ресейлік хоккейшілер тізгінді ойын басынан қолға алды. Нәтижесінде Владислав Ефремов 5-минутта мергендік танытты. Бұдан кейін екі команда тарапынан есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік болған еді. Хоккейшілер көздеген нысанадан мүлт кетті.
Екінші кезеңнің 21-минутында ресейлік Станислав Галиев есеп айырмасын арттыра түсті. Ойынның 55-минутында «Барыс» хоккейшісі есеп айырмасын қысқартқан еді. Дегенмен 59-минутта ресейлік Михаил Фисенко қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен жол берді.
Еске салсақ, елордалық клуб бұдан бұрынғы бес кездесудің төртеуінде «Динамо» командасына есе жіберіп қойды.
Енді «Барыс» 3 қазанда Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасымен кездеседі.