Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Авангардты» қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Авангардты» қабылдайды

Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 59 мәрте шеберлік байқасты.

Оның 20-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Авангард» алты ойынның үшеуінде жеңіске жетті.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасынан 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Ал «Авангард» Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына 2:5 есебімен жол берді.

Қазір «Барыс» 13 ойыннан кейін 10 ұпаймен турнир кестесінде 20-орында келеді. Ал «Авангард» 12 ұпаймен 17-орында тұр.