Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада мәскеулік «Динамоға» жол берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада мәскеулік «Динамоға» жол берді

Ойын барысында ресейлік команданың белсенділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың тарапынан Антон Ведин небәрі 19 секундта мергендік танытты.

Одан кейін Вячеслав Вонйов - 3, Оскар Линдберг 7-минуттарда есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде «Барыс» сапынан Коди Куник 37-минутта есеп айырмасын қысқартқан еді.

Алайда, одан кейін ресейлік Вадим Шипачёв 40-минутта басымдықты қайтадан арттырды.

Ал 48-минутта қазақстандық клубтан Кёртис Валк көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, енді «Барыс» келесі ойынын 4 желтоқсанда Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада ресейлік «Витязь» (Подольск) командасына есе жіберді.